«Бүгін – кітап, ертең - мамандық» атты ақпарат күні

 

 

 

Жоғарғы оқу орнына немесе колледжге түсу – әр адамның өміріндегі біртұтас дәуір. Осы жағдайды басынан кешкен адамға бұл үрдістің қаншалықты қиын және тосын оқиғаларға толы екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Дұрыс таңдау жасау өте қиын. Болашақ талапкерлерге өз кәсіби таңдауын жасауға көмектесу мақсатында Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері балалар және жасөспірімдер кітабының апталығы аясында №17 ЖББМ 9-сынып оқушыларына «Бүгін – кітап, ертең - мамандық» атты ақпарат күнін өткізді. Кітапханашылар кітап көрмесін ұйымдастырып, медбике, дәнекерлеуші, логопед, шаштараз, экономист, сырлаушы, бухгалтер, тілші, кітапханашы мамандықтары бойынша пайдалы ақпаратқа толы материалдар, сонымен қатар «Кәсіби білім беру» сериясының кітаптарын ұсынды. Ертеңін ойлап, болашағын болжауға бекінген жастарға мамандық таңдауға және осы жауапты үрдістің қыр-сыры туралы мәліметтері бар мақалалар мен пайдалы материалдарды қамтыған Қарағанды облысының жоғарғы және арнайы орта білім мекемелері сайттарының мекенжайы тізімделген ақпараттық дайджест, сонымен бірге «Электронды кітапхана-кіруге рұқсат» атты бүктеме әзірленді. Кәсіптік бағдар тақырыбы жоғарғы сынып оқушылары үшін өте маңызды және қажет. Іс-шара барысында оқушылар өздеріне қажетті ақпараттар алып, алған білімдерін пайдалы қолдана алатындарына және бір кірпіш дүниеге тетігін тауып қаланатындарына сенімдіміз.

         

 

 


Келулердің саны: 4714