Сатысымен кітаптың жүру: оқу, ойнау және үйрену

 

Міне, жазғы демалыс күндері аяқталып, мектеп күндері басталды. Сабақтар, үзілістер, үй тапсырмалары... Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер үшін бұл – ең алғашқы сабақ, ең алғашқы қоңырау, мектеп қабырғаларымен танысу және кітапханамен алғаш рет танысу.

№2 ЖББМ бірінші сынып оқушыларына «Сатысымен кітаптың жүру: оқу, ойнау және үйрену» кітапханамен таныстыру қыркүйек айының 10 жұлдызында өткізілді.

Кітапханашылар балаларға кітапхана туралы түсінік беріп, қандай кітаптар болатынын көрсетті. Балалар С.Я.Маршактың «Книжка про книжку» өлеңін тыңдап, кітапты күтіп ұстау керектігі туралы әңгімеледі, ашл кітапханашы олардың жауаптарын толықтырды. Содан кейін балалар ертегілер бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді және әртүрлі тапсырмалар орындады, «Кітаптың оқиғалары» атты мультипликациялық фильмді тамашалады. Іс-шара соңында балаларға кітаптың түрлі-түсті белгібаулары табыс етілді. Балаларға кітаптар мен журналдар қатты ұнады.

 


Келулердің саны: 3442