Жас ақындар мен прозаиктер жинағының тұсаукесері

«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ мен «Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ ұйымдастыруымен 2015 жылдың 14-мамырында «Өр үмітті жастар» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Жинаққа Қарағанды облысының талантты жас ақындары мен прозаиктерінің шығармалары енді. Жинаққа енген талабы биік жастарымыздың бірі, ОҚК жанынан құрылған «Жас толқын» жастар әдеби клубының мүшесі – Сыдық Аягөз. Өр үмітті жас қызымыз өзінің болашақта зор үміт күттіретін, қаламыздың маңдай алды жастарының бірі, мақтанышы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Іс-шара барысында ақын аға-апаларымыздан тілек-бата алған жастар одан әрі қанаттанып, жігерлене түсті. Біз оларға тек алар асқарлары көп болсын деп , ақ жол тілейміз.

        


Келулердің саны: 3689