«Бір шаңырақ астында»

ОҚК коворкингінде Алғыс айту күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты оқырмандар конференциясы болып өтті. Конференцияға волонтер, депутат Е.Е. Хисметов, ақын-журналист Т. В. Стрельчук, «Жас толқын» клубының мүшесі К. Марченко, СЖГТК студенттері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері Е.И. Прохорова, Е.А. Рейслер, Саран қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі И. Б. Карпов қатысты. Жүргізушілер мереке тарихы бойынша ақпараттармен бөлісті, конференция қонағы Е.И. Прохорова өз отбасы туралы ата-анасының қоныс аудару жылдары қалай өткенін әңгімеледі, студент-оқырмандар В. Могильницкий, К. Кәкімжан, Ш.Мұртаза, К.Молдахмет, М. Магауни және т. б. қазақстандық және қазақ жазушыларының шығармаларынан оқылған үзінділер туралы ойларымен бөлісті. Кітапханашы Е.Н.Алексеева кітап көрмесіне шолу жасады, қатысушылар қазақ жеріне деген алғыс, қазақ халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігі, қазақ жерінде тұратын барлық халықтарға деген ризашылық туралы өлеңдер оқыды. Соңында «Қазақстанның ұлттық бірлігі» атты бейне ролигі көрсетілді.

Қамту – 20 адам


Келулердің саны: 292