Ретро – қорға «Керемет классика»

13 тамызда № 1 ООК ересектер абонементінде ретро – қорға «Керемет классика» атты әдеби – көркем шолу өткізілді. Оқырмандар назарына әлем әдебиеті классиктері А. Құнанбаев, С. Мұқанов, М. Әуезов, Л. Толстой, А. Пушкин, Ф. Достоевский, Мольер, В. Шекспир, Т. Драйзер, А. Дюма және т. б. кітаптары ұсынылды. Бұл кітаптарда балалар да, ересектер де, қарапайым адамдар да, бай, білімді мырзалар, сарбаздар мен генералдар да өлмес кейіпте бейнеленген; мұнда бейбіт табиғаттың суреттері де, соғыстың қатал шайқастары да бар. Кітапханашылар көркем шығармаларды: романдарды, повестер мен әңгімелерді еске түсіріп, қайта оқуды ұсынды. Ал жас оқырмандар әлем әдебиетінің көрнекті авторларымен таныса алды.

  


Келулердің саны: 445