«Көк жол сандық» халықаралық жобасы Саран қ. ОҚК

Ақпанның 12-ші жұлдызында Орталық қалалық кітапханада №6 ЖББМ 3-сынып оқушылары үшін нағыз ертегілік мереке өткізілді. Бізге іші қазақ және орыс әдебиеттерінің үздік балалар шығармаларына толған Көк жол сандық келіп жетті. Іс-шара барысында балаларға Көк жол сандықтың саяхат тарихы сонау Германия елінен басталып, Ресейге келіп, содан сон біздің елге, біздің қалаға да келіп жеткені айтылды. Балалар Көк жол сандық ішіндегі және №3 кітапхана бөлімшесінің кітапхана қорындағы балаларға арналған кітаптарды аса қызығушылықпен оқыды. ОҚК қызметкері А.И.Федорова орыс халық ертегілеріне қызықты саяхат жасады. Ең қызығы, балалар ертегілер мазмұны мен басты кейіпкерлерін жақсы білетін болып шықты.

Іс-шара көңілді, қызықты және танымды өтті. Балалар тыңдап, қуана-қуана кітап оқып, ересектерше өз ойларын білдіріп отырды.

Құрметті оқырмандар, оқиға болған жердің фоторепортажын көріңіздер де келіңіздер! Көк жол сандық ішіндегі жаңа кітаптарды кітапханаға алдын ала тіркеліп, үйге алып оқуға болады.

2015 ж. ақпанның 12-24 аралығында Көк жол сандық сіздерді №3 кітапхана бөлімшесінде: 1А ықшам ауданы, 4-үй, 101 пәтер мекен жайы бойынша күтеді.

2015 ж. 24- ақпанынан 13- наурызына дейін Көк жол сандық №4 ООК-да: Ленин даңғылы 1 мекен жайында болады.

Барлық кітаптар әсерлі, керемет, заманауи басылымда шығарылған және біздің оқырмандар өздеріне қажетті кітапты міндетті түрде табады деп сенеміз.

 

    

 

 


Келулердің саны: 3424