№4 ООК 2014 жылғы қорытындысы

№4 ООК кітапханашылары О.В. Воробей және М.Г. Голикова 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Балалар абонементі және оқу залының 2014 жылғы үздік оқырманы» формулярлар бойынша рейтингі өткізді.
Мақсаты: Кітап оқуға баулу, үздік оқырмандарды марапаттау.
Жыл қорытындысы бойынша №1 ЖББМ 4 «Г» сынып оқушысы Щербак Игорь және №2 ЖББМ 4-сынып оқушысы Щелкунова Алина балалар абонементінің 2014 жылғы үздік оқырмандары атанды. Балалардың әрқайсысы бір жыл ішінде 58 дана кітап оқыпты.
№17 ЖББМ 4-ші сынып оқушысы Сычёва Ксения оқу залының үздік оқырманы атанды. Ол бір жыл ішінде 38 дана кітап оқыған екен. Игорь, Ксения және Алина мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды, ал олардың фото суреттері балалар абонементінің тақтасын ажарландыра түсіп, жас оқырмандарды келер жылы үздік оқырман атануға жігерлендіргендей.
2014-ші жылдың ішінде «Почемучка» экологиялық клубының аясында кітапханашы О.В. Воробей «Малыш» және «Балғын» бала бақшаларында 6 іс-шара өткізіп, 150-ге жуық мектепке дейінгі жастағы балаларды жұмылдырды.

 

 

- 30 қаңтарда «Малыш» бала бақшасының ересектер тобында «Почемучка» клубының: «Теңіздер мен мұхиттардағы жануарлар әлемі» атты кезекті отырысы өтті.

27 наурызда «Малыш» және «Балғын» бала бақшаларының ересектер тобында «Почемучка» клубының «Аквариум және оның мекендеушілері» атты кезекті отырысы өтті.

 - 21 қазанда  «Малыш» және «Балғын» бала бақшаларының ересектер тобында «Почемучка» клубының «Армысың, алтын күз!» атты кезекті отырысы болды.

 

- 27 қарашада «Малыш» бала бақшасының ересектер тобында «Почемучка»клубының: «Жер асты патшалығында, жер асты елінде» атты кезекті отырысы өтті.

Бес жыл ішінде №4 ООК жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Біз адамдар арасында өмір сүреміз» бағдарламасын жүзеге асыруда (кітапханашы М.Г.Голикова). Осы уақыт ішінде 20-дан астам іс-шара өткізіліп, 500-ден астам адам қатыстырылды. Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі, сондықтан аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. Биылғы жылы 4 іс-шара өткізіліп, №17 ЖББМ 100 жуық оқушысы қатыстырылды.

- 27 ақпанда  №17 ЖББМ орта буын жасындағы оқушыларға «Кемел адам бейнесі» атты таныстыру сабағы өткізілді. Мақсаты: адамгершілік тәрбиесі; оқушыларда жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарын құрметтеуді қалыптастыру.

- 17 сәуірде  №17 ЖББМ орта буын жасындағы оқушыларға «Егер сен мейірімді болсаң, ол өте жақсы!» атты әдеп сабағы өткізілді.

- 12 қыркүйекте орта буын жасындағы оқушыларға «Біз адамдар арасында өмір сүреміз» бағдарламасы аясында «Қоршаған адамдарға қамқорлық таныту» өзекті сұхбаты өткізілді. Мақсаты: адамгершілікке тәрбиелеу, әдеп тәрбиесі.

- 14 қарашада орта буын жасындағы оқушыларға «Сыпайылық күнде керек» атты әдеп сабағы өткізілді.

           Міне екінші жыл, №4 ООК Саран қаласының ОКЖ басқа да кітапханашыларымен бірлесе отырып, дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Әлем барлығына ортақ» бағдарламасын жүзеге асыруда өз үлестерін қосып келеді. Бағдарламамен жұмыс істеу барысында 6 іс-шара өткізіліп, 150-ден астам адам қатысты. Биылғы жылы 75-ке жуық адам қатысқан 3 іс-шара өткізілді. Барлық іс-шаралар үлкен дайындықты қажет етті және зор абыроймен өткізілді.

17 ақпанда  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Әлем барлығына ортақ» бағдарламасы аясында әлеуметтік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арналған «Балаларымыз немен ойнайды?» өзекті ақпарат сағатын өткізді. Мақсаты: әлеуметтік қызметкерлер мен ата-аналарды ақпараттандыру.

-3 желтоқсанда  «ЖҚжӘБ» ММ «Әлем барлығына ортақ» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Су асты патшалығының кереметтері» атты кітап көрме ұйымдастырылып, «Кішкентай су тамшысының басынан өткендері» экологиялық саяхаты өткізілді. Мақсаты: балаларды судың қасиеттерімен таныстыру; суды ұқыпты қолдануға дағдыландыру. Балалар жүргізушілер дайындаған әр тапсырмаға қызығушылықпен қатысты. Зор ықыласпен барлық жұмбақтардың жауабын тауып, «Тамшы» бастырмасын жапсырып, «Жаңбыр» сергіту сәтінде дем алды. Іс-шарамыздың қонағы Кап атты кішкентай тамшымен қызықты саяхатқа аттанды. Оқу залының кітапханашысы М.Голикова дайындаған «Су асты патшалығының кереметтері» кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапханашы балаларды теңіздер мен мұхиттарды мекендеушілермен таныстырды. Кітаптардың көркем безендірілуі мен кітапханашылардың танымды әңгімелерінің әсерімен балалар су асты тереңдерінің ғажаптарына шомды. – Голикова М.Г., Воробей О.В.

«Кітаппен бірге өсеміз»  (Кожевникова А.Ф.) клубының аясында «Березка» және «Балғын» бала бақшаларында 5 іс-шара өткізіліп, 130-дан астам мектепке дейінгі жастағы балалар қатыстырылды.

- 14 ақпанда «Березка» және «Балғын» бала бақшаларының ересектер топтарындағы мектепке дейінгі жастағы балаларына «Ертегіде қонақта» атты дауыстап оқулары өткізілді (біріктірілген сабақ). Мақсаты: балаларда оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

- 3, 4 сәуірде «Березка» және «Балғын» бала бақшаларының ересектер топтарындағы мектепке дейінгі жастағы балаларына «Кітаптың туған күні» атты байқау бағдарламасы өткізілді.

- 19 қыркүйекте «Березка»» бала бақшасының ересектер топтарындағы мектепке дейінгі жастағы балаларына «Кітап патшалығына саяхат» экскурсиясы ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларда оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

 

- Жазғы мезгілде балалар абонементінде мектеп бағдарламасының шығармалары бойынша «Жазғы оқулар» ұйымдастырылды. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға, кітапхананы қолдануға дағдыландыру. Жаз басында қала кітапханалары мен мектептерінің ақпараттық стендтерінде «Жазғы оқулар» басталғаны туралы хабарландырулар жайғастырылды. «Жазғы оқулардың» шарты біреу ғана – мектеп бағдарламасының шығармаларын неғұрлым көбірек оқу.

Жаз аяғында «Жазғы оқулар» бойынша қорытынды жасалды. 2014 жылдың Жазғы оқырмандық чемпионатына 5-9-ыншы сыныптар арасынан 17 бала қатысты. Жазғы оқырмандық чемпионатқа қатысушылар жаз бойы 226 кітап оқыды. №17 ЖББМ бастауыш сыныптарының оқушылары: Меньшиков Григорий 18 кітап оқып, 1-ші орынды иеленді, 2-ші орынды 16 кітап оқып Изратов Владислав алса, Казанцев Максим 14 кітап оқып 3-ші орында тұрақтап, жеңімпаз атанды. – Воробей О.В.

                                                

 

 


Келулердің саны: 4764