«Көк жол сандық» халықаралық жобасы Ақтас к. №2 ООК

Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! 
«Көк жол сандық» халықаралық жобасы Саран қаласының кітапханаларына келіп жетті! 

Отандық және шетелдік балалар жазушыларының балаларға арналған ең үздік кітаптары өз жас оқырмандарын күтуде!  
Небәрі 2 ай – 2015 жылдың 16-қаңтарынан – 16 наурызына дейін әйгілі «Көк жол сандық» біздің қаламызда!
16-қаңтардан 10-ақпанға дейін кітапқа толы сиқырлы жол сандық Ақтас кентінің №2 ООК жас оқырмандарына ұсынылады!
Асығыңыздар, достар!

22.01.2015ж. №2 ООК балалар бөлімінде кентіміздің оқырмандарын отандық және шетел авторларының үздік шығармаларымен таныстырған, аттас жоба аясында «Көк жол сандықтың саяхаты» көрме-тұсаукесері жас оқырмандар назарына ұсынылды. Балалар «Көк жол сандықтың» шығу тарихы сонау Германия елінде екенін, алдымен Ресейде, содан соң біздің елге де келіп жеткенін білді. Экспозицияның жұмыс істеген уақытынан бастап, №2 ООК кітапханашысы Л.А.Клюева «жол сандықта» ұсынылған кітаптар бойынша әңгіме өрбітіп, кітаптарға шолу жасады. 

 

            

      

 

Көк жол сандықта бар қазақ және орыс тілдеріндегі 37 дана кітап балалар назарына ұсынылды. Барлық кітаптар заманауи басылымда керемет, әсем безендіріліп шығарылған. Біздің оқырмандарымыз міндетті түрде өзіне қажет кітапты табады деген ойдамыз.

30.01.5015ж. №2 ООК б/б кітапханашысы Л.А.Клюева «Көк жол сандықтың саяхаты» халықаралық жобасы аясында «Көк жол сандық» әдеби қонақжайына №16 ЖББМ қазақ сыныбының оқушыларын шақырды. Оқушыларға кездесу қатты ұнады, олар ғажап әсерде болды, кітапханашының әңгімелерін, оқылған өлеңдерді мұқият тыңдап, өздері де Е. Өтетілеуұлының «Әдептілік әдемілік» жинағынан қысқа өлеңдер оқыды. Балалар жобаға қызығушылық танытып қана қоймай, Көк жол сандық ішіндегі кітаптарды «Көк жол сандықтың саяхаты» жобасының Ақтас кентінде тұрақтаған уақыт аралығында аса қызығушылықпен оқып шығатындарын айтты. 

 

      

      

 

 


Келулердің саны: 4363