«Ұлы даланың ұлы мұрасы» атты дөңгелек үстел

№2 ООК қызметкерлері әлеуметтік серіктестік аясында «Аленушка» б/б ұжымымен өткізген «Ұлы даланың ұлы мұрасы» атты дөңгелек үстел алдағы жылдың айтулы мерейтойларына: Әл-Фарабидің 1150-жылдығына, Абайдың 175-жылдығына және С. Бегалиннің 125-жылдығына арналды. Кездесуге қатысушылар Президенттің 02.09.2019 ж. Жолдауын талқылап, ұлы мерейтой иелерінің өмір жолдары және шығармашылығымен танысты, «Абай Құнанбаев» фильмін тамашалады, Абайдың «Қара сөздерін» және Әл-Фарабидің «Ақыл кітабынан» үзінділер тыңдады.


Келулердің саны: 1334