Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығу күні

11 ақпан күні Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығу күні қарсаңында СТК студенттері үшін "Паншер патшасы", аты аңызға айналған Ауған соғысының ардагері - "Қара майор" Борис Төкенұлы Керімбаевқа арналған іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Саран техникалық колледжінің студенттерінің назарына Бақытбек Смағұлдың "Паншер патшасы" атты кітабы туралы толық ақпарат ұсынылды. Бақытбек Смағұл өз кітабында Б. Керімбаевтың сирек кездесетін қаһармандығын көрсете отырып, оның ерліктеріне ерекше мән бере отырып, өз халқы үшін өмір сүруге дайын, ержүрек және рухы мықты адамның әсерлі портретін жасайды.

Студенттер "Қара майор" презентациясының көмегімен өткен жылдардың оқиғаларымен, Ауғанстанда ерлік көрсеткен, аты аңызға айналған Қара майор, арнайы жасақталған мұсылман батальоны командирінің өмір жолы және ерліктерімен танысты. Іс-шара соңында Игорь Дудиннің орындауындағы Оскенбек Бердалиевтің сөзіне жазылған әннің бейнеролигі ұсынылды.

 


Келулердің саны: 1655