Әл-Фараби – ұлы ұстаз

Орталық қалалық кітапхананың коворкинг орталығында кітапхана қызметкерлері энциклопедист ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби – ұлы ұстаз» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Ернар Дулатұлы Махаметшин «Әл-Фараби және қазақ әдебиетінің теориялық бастаулары» тақырыбында, сонымен қатар аталмыш колледждің студенті Сәулет Сәби «Ойшылдар ұқсастығы» тақырыбы бойынша баяндамалар жасады. Дөңгелек үстел барысында кітапханашылар «Ғасырлар даналығы» кітап көрмесін ұсынып, шолу жасады

 

   


Келулердің саны: 1933