«Ұлы ақын, ұлық ұстаз»

22 қаңтар күні №4 ЖББМ-тің 9 сынып оқушылары үшін халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің 85 жылдығына арналған "Ұлы ақын, ұлық ұстаз" атты поэтикалық вернисаж өткізілді. Шара барысында кітапханашы қатысушыларға ақынның шығармашылығындағы жанрлардың әртүрлілігі туралы әңгімеледі. Оқушылардың назарына ақынның өмірі мен қызметі туралы электронды презентация ұсынылды. Одан әрі қатысушылар аудиодауыста ақынның "Атамекен", "Елім менің"өлеңдерін тыңдады. Шара соңында қатысушылар өздері білетін ақынның өлеңдерін оқыды. Ақынның шығармашылығы балалардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады.

 

 


Келулердің саны: 1106