«Еріктілер қызметі - ерекше қайырымдылық»

21 қаңтарда "Birgemiz" волонтерлар жылы аясында №3 Кітапхана-бөлімшесінің барлық оқырмандарына «Еріктілер қызметі - ерекше қайырымдылық» атты акция өткізілді. Акцияға қатысушылар волонтерлердің кім екенін, олардың мақсаттары мен міндеттері қандай екенін, олардың қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Біздің қаламызда "Еріктілер" жастар қоғамдық бірлестігі бар екенін білді. «Қайырымдылық – игі істің бастауы» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Әңгіме барысында еріктілер қызметі - мұқтаж адамдарға риясыз, ерікті көмек көрсету, қалтқысыз қолдау көрсетуге бағытталатындығы туралы әңгімеленді. Акция қатысушыларына «Еріктілер қызметі - ерекше қайырымдылық» атты бүктемелер табысталды.


Келулердің саны: 1813