«Желтоқсан - тәуелсіздік белгісі»

2019 жылдың 12-ші желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №7 ЖББМ оқушыларына «Желтоқсан – тәуелсіздік белгісі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына байланысты түсініктеме айтылды. Қыршын кеткен бауырларымызды еске түсіріп, қатысушылар Тәуелсіздік - қазақ жерінің, мемлекетіміздің биік мәртебесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныды. Шара слайд-презентация арқылы сүйемелденді. «Тәуелсіздік күні» атты бейнеролик көрсетіліп, балалар викториналық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, қатысушылар Тәуелсіздікке арналған өлеңдерін оқыды. Іс-шара соңында, барлығы бірігіп Қазақстан Республикасының Әнұраның орындады.


Келулердің саны: 1919