«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Тұңғыш Президент күні қарсаңында Саран техникалық колледжінде №3 кітапхана бөлімшесі мен колледж қызметкерлері бірлесе отырып «Елбасы кітаптарын оқиық» атты оқырмандар конференциясын өткізді.

Конференцияға Саран қаласының 1 сайлау округінің депутаты, «Саран техникалық колледжі» КММ директоры Мамирова Меруерт Мағрұпқызы, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, Саран техникалық колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға слайд-презентацияның сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   қайраткер болып қалыптасу жылдары туралы  қысқаша ақпарат  берілді. Елбасының Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы тарихи рөлі және қол  жеткізген  жетістіктері  жайлы бейнеролик көрсетілді.

Қатысушылардың назарына ұсынылған «Қазіргі заманның кемеңгер саясаткері» атты кітап көрмесімен таныстыра отырып, №3 кітапхана бөлімшесінің аға кітапханашысы Н. Әбішұлының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының мағынасын ашып, әрбір бөліміне толық шолу жасады.

Қазақтың жаңа Елордасының шежіресін іздеген адам Елбасының “Еуразия жүрегінде” атты кітабына үңілетіні анық. Әлемнің ең көрікті жас қаласы жайлы туындымен СТК кітапханашысы Марина Гофман таныстырды.

Қатысушылар өз тараптарынан Елбасының Қазақстан халқы үшін жасаған ерен еңбектерін айта отырып ой бөлісіп, пікір алмасты. Іс-шара соңында «Еуразия жүрегінде» кітабы бойынша жасалған буктрейлер көрсетілді.

    


Келулердің саны: 1412