"Өмір салты – денсаулық" бағдарламасы аясында Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Қызыл лента» волонтерлік акциясы

1 желтоқсан-Халықаралық ЖИТС-пен күрес күні.  Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңын түсініп, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігі туралы есте сақтауға, ауруды жұқтырғандарға шыдамды болуға, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының індетіне қарсы күрес бойынша бірлесіп күш-жігерді нығайтуға шақырады.

Акцияға №1 мектеп – лицейінің 8-11 сынып оқушылары мен педагогтары қатысты.

ЖИТС-пен күрес символы-қызыл лента. Бұл салада бірде-бір акция онсыз өтпейді. Бұл лента ЖИТС-ты түсінудің символы ретінде 1991 жылдың көктемінде ойлап табылған. Акция қатысушыларына сауалнама жүргізілді:

-Сіз "қызыл лента"акциясына алғаш рет қатысып отырсыз ба?

-Сіз ЖИТС ауруы жайлы не білесіз?

-Сіз қалай ойлайсыз, адамзаттың осы ЖИТС сияқты проблемасына назар аудару керек пе?

-Сіздің ойыңызша, мұндай акцияларды өткізудің мағынасы бар ма?

Акцияның мақсаты АИТВ/ЖИТС проблемасына назар аудару; өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыр; ЖИТС-пен ауыратындарға төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру болды.

  


Келулердің саны: 1572