Жануарларға құйрық не үшін керек?

22 қарашада "Балғын" балабақшасында "Почемучка"клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы балалар ОҚК балалар бөлімі кітапханашысының басшылығымен өте қызықты және күрделі «Жануарларға құйрық не үшін керек?» деген сұраққа жауап іздеді. Іс-шара барысында клуб мүшелері жануарларға құйрық тек қана ойындар мен сұлулық үшін ғана емес, сонымен қатар ол әр түрлі қызметтерді атқара алатынын анықтады. Тәрбиеленушілер кітапханашының әңгімесін қызығушылықпен тыңдады, слайд-презентацияны тамашалады, әңгімеге белсенді қатысты және әрқайсысы жануарлар туралы білгенін айтуға тырысты. Шара барысында балалардың жануарларды өте жақсы көретіні және олар туралы көп білетіні байқалды. Әңгімелесіп болған соң бүлдіршіндер ойындар ойнады. Кішкентай негештерге жануарлар туралы көркем энциклопедиялар да қатты ұнады.


Келулердің саны: 1072