"Made in KZ"

Саран қ.ОҚК Коворкинг орталығында СТК студенттеріне арналған "Sunpaper" ЖШС өкілі И. А. Пехтеревтің қатысуымен "Made in KZ" кездесуі өткізілді. Іс-шара барысында Игорь Александрович өзі жайлы және осы салаға қалай келгені туралы айтып берді. "Sunpaper" ЖШС-нің қағаз өнімдерін жастарға ұсынып, қандай материалдардан жасалатынын түсіндірді.

Студенттер қонаққа "бос уақытты қалай өткізесіз?", "кітап оқисыз ба?", "қазіргі заманғы кәсіпкер қандай сапаға ие болуы керек", "жастарға қандай кеңестер бере аласыз" және т. б. сұрақтар қою арқылы, мотивациялық жауаптар алды.

Іс-шара соңында кітапханашы жастарды кәсіпкерлік қызметке деген қабілеттерін анықтау мақсатында тестілеуден өткізді.

Бұл кездесу арқылы студенттер өздері үшін "Sunpaper" компаниясы туралы көптеген ақпараттармен танысты.


Келулердің саны: 1059