"Тәуелсіздіктің тірегі – Ата Заң "

Саран қаласының Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай "Бастау" клубының                     "Тәуелсіздіктің тірегі – Ата Заң " атты отырысын өткізді. Клубтың отырысын клуб төрағасы, саясаттанушы, Қарағанды облысы бойынша "ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК оқытушысы Мустафин Серік Хамзиевич ашты. Қатысушыларға Конституцияның құрылу тарихы туралы, оның құрылымымен, сондай-ақ адамның құқықтары мен міндеттері және оларды сақтау қажеттілігі туралы, заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы айтылды. Іс-шара қонақтары өз әңгімелерімен, қаланың әр жылдары қалай салынғаны, оның кәсіпорындарында еңбек етіп, салт-дәстүрлер туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті. Іс-шара қонағы Т.Стрельчуктің авторлық орындауында "Музыка Сарани" атты әдемі әнін тыңдады.

Шара соңында №4 ЖББМ оқушысы Нұрмаханов Ақжол "Салкүрең" күйін орындап, СГТК студенттері "Қазағым-ай" және "Туған жер"әндерін шырқады. Жас ұрпақ қала ақсақалдарына олардың өмірлік даналығы үшін алғыстарын білдірді. Өз кезегінде білім беру ардагері О. Ж. Бартаева барлықтарын мерекемен құттықтап, шашуын шашты.

 


Келулердің саны: 1510