«Ұлылардың ұлысы - Абай»

8 тамыз Саран қаласының Орталық қалалық кітапханасының Коворкинг орталығында ақын, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты әдеби бенефис өтті.Іс-шара барысында Абай әлемін шарлап қайту үшін «Казахстан: легенды степи» атты бейнеролик көрсетілді. «Жас толқын» әдеби клубының мүшелері хакім Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын терең ұңілдіретін өлеңдерін оқып, №4 ЖББМ оқушысы Нұрмаханов Ақжол «Салкүрең» күйін орындап, әдеби бенефисті әсерлей түсті.Іс-шара соңында Абай Құнанбаев атындағы СГТК студенті Қанапиянова Айым ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады.

   


Келулердің саны: 2540