«Көкті бағындырған»

9 тамыз күні Орталық қалалық кітапхананың коворкинг-орталығында Нүркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл толуына арналған "Көкті бағындырған"атты портрет кеші өтті. Іс-шара барысында балалар абонементінің кітапханашысы батырдың өмірі, оның ұлы ерлігі туралы әңгімелеп берсе, ұсынылған слайд презентация балаларға ақпаратты жақсы меңгеруге және есте сақтауға көмектесті. Жиналғандар соғыс кезіндегі мұрағат кадрларынан тұратын "Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров" атты бейнероликті қызығушылықпен тамашалады. Сонымен қатар, балалардың назарына ұсынылған көрмеде – энциклопедиялар мен ұшқыш-батыр туралы ақпараты бар мерзімді басылымдар қойылды. Балалар Нүркен Әбдіровті - "Батыл"," батыр", "нағыз патриот" – деп сипаттады. Кездесу соңында әрбір қатысушы қағаз ұшағын жасап, оған өз атын және Отанға деген ең жақсы тілектерін жазды.

   


Келулердің саны: 1326