Книжка для малышки

«Балдырғандарға арналған кітаптар - 2019» акцияс

     26 шілдеде "Саран қаласының ОКЖ" КММ кітапханашылары дәстүрлі "Балдырғандарға арналған кітаптар" акциясын ұйымдастырды. Аталған іс-шараның мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарын заманауи балалар әдебиетін оқуға тарту, отбасылық бос уақытты өткізудің бір түрі ретінде кітап оқуды насихаттау. Осы жылы дауыстап оқу үшін ОКЖ балалар бөлімдеріне келіп түскен жаңа кітаптар таңдалды.

 

  "Колокольчик" және "Малыш" балабақшаларында мектеп жасына дейінгі балалар И. Зартайдың "Веселый пожарный" әңгімесінің кейіпкерімен танысты. Бұл оқиға әрдайым қолдауға, көмектесуге және көңілді оқиғалар айтумен көңіл-күйді көтеруге дайын жайдары өрт сөндіруші туралы. Ол өзінің қиын, қауіпті жұмысынан да жарқын жақтарды табады. Автор мейірімділікке, әділеттілікке, адалдыққа үйретеді, мысалы, қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсетеді.

 

  "Бақыт" балабақшасының бүлдіршіндері ағайынды Гриммнің ертегілер еліне аттанды. Жауыз мыстан қуалаған және ғажайып ормандағы ертегілік үйде паналаған сұлу Ақшақар және Профессор, Ұрысқақ, Күлдіргіш, Сыпайы, Түшкіргіш, Ұйқышыл және Үндемес атты жеті сүйкімді ергежейлілер туралы ертегі балаларды өте қызықтырды. Ертегі мейірімділік пен әділдікке сенуге, басқаларға жамандық жасамауға үйретеді.  «Сауле» балабақшасында балалар "Қызыл телпек", "Шұбар тауық", "Көңілді көжек" кітаптарының қызықты кейіпкерлерімен танысты.

 

   №2 ООК кітапханашылары "Аленушка" бөбекжайының бүлдіршіндері үшін жаңа көркем суреттелген кітаптармен, ойындар және әндермен нағыз мереке ұйымдастырды. Балалар "Живые часы" кітабынан смешариктер туралы қызықты оқиғаларды, Б. Заходердің ("50 үздік өлеңдер" кітабынан) өлеңдерін тыңдап, А. Усачевтің "Қызықты математика" кітабы бойынша тапқырлықтарын тексерді, "Қазақ ертегілерінің антологиясы"сериясынан жаңа қазақ ертегілерімен танысты. Осылай, мектеп жасына дейінгі балалар кітап кейіпкерлерімен бірге ертегілер мен оқиғалар әлеміне қызықты саяхат жасады.

 

  Ертегілерді дауыстап оқу және ертегі кейіпкерлерін талқылау балалардың жарқын және шынайы эмоцияларын тудырды. Акция аяқталғанына қарамастан, қала кітапханалары әрқашан өздерінің кішкентай оқырмандары мен ата-аналарына бірлесіп оқу үшін қызықты кітаптар ұсына алады.

         

      

 

 

 

 


Келулердің саны: 1534