Кітаптар үйге келді

24 шілдеде ОҚК абонементінің кітапханашылары жастарды үлкендерге қамқорлық жасауға тарта отырып, Саран қаласының 65 жылдығына арналған "Кітаптар үйге келді" атты волонтерлік акциясын өткізді. Ұраны: "Қолыннан келгенше көмектес" болды. Шара барысында кітапханашылар мен еріктілер тобы А.Канапьянова, А.Кульметтенова, А.Бишанова, Т.Тарасов, А.Беккер, С.Воропаев, велосипедтерімен біздің кітапхананың қарт оқырмандарына барып қайтты. Волонтерлер С. С. Абельдинова, В. Н. Шаров, Ф. Р. Валеев және т. б. оқырмандардың үйіне әдебиеттер апарып, биылғы жылы кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттермен таныстырды. Зейнеткерлер осындай қамқорлықтары үшін кітапхана қызметкерлері мен еріктілерді ризашылықпен қарсы алды. Сапар кітаптар алмасумен ғана шектелген жоқ: оқырмандарға кітапханашы мен балалардың өздеріне ерекше көңіл бөліп, күнделікті тұрмыстық тақырыптарға әңгімелескендері де ұнады. Оқырмандармен әңгімелесе отырып, кітапханашы кітапхананың ақпараттық қызметтері мен жоспарланған іс-шаралары туралы да еске салды. Өз кезегінде оқырмандар осындай щарамен жиі - жиі келіп тұруларын сұрады.

   


Келулердің саны: 1404