Менің бастауым-менің Отаным

 

 

Saran qalasynyń 65 jyldyǵyna oraı Ortalyq qalalyq kitaphana qyzmetkerleri "Zdes Rodıny moeı nachalo" jobasy aıasynda "SKEP" JSHS qyzmetkerleri úshin ólketaný kezdesýin ótkizdi. Qatysýshylardyń nazaryna «Týǵan jerim - altyn uıa, besigim» atty kitap kórmesi usynyldy. İs-shara barysynda fabrıka ujymy "Taǵdyrlas qalam Saran", "Erlik – elge mura, urpaqqa uran", "Saran" fotoálbomy,  "Tabystyń 100 tarıhy" jınaǵy jáne t. b. ólketaný basylymdarymen tanysty. Sondaı-aq, fabrıka qyzmetkerleri bizdiń jerlesterimiz:  T. V. Strelchýk, T. A. Kýcherenko, P. V. Popov, N. A. Bocharnıkova, Iý. B. Selıvanovanyń shyǵarmashylyǵymen tanysty. Qalanyń 65 jyldyǵyna arnalyp, "Rýhanı jańǵyrý" baǵdarlamasyn júzege asyrý aıasynda jaryq kórgen "Saran" fotoálbomy jáne "Tabystyń 100 tarıhy" jınaǵy erekshe qyzyǵýshylyq týdyrdy.


  Саран қаласының 65 жылдығына орай Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері "Здесь Родины моей начало" жобасы аясында "GALEX PLUS "Саран тігін – трикотаж фабрикасы" ЖШС қызметкерлері үшін өлкетану кездесуін өткізді. Қатысушылардың назарына «Туған жерім - алтын ұя, бесігім» атты кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара барысында фабрика ұжымы "Тағдырлас қалам Саран", "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран", "Саран" фотоальбомы, "Табыстың 100 тарихы" жинағы және т. б. өлкетану басылымдарымен танысты. Сондай-ақ, фабрика қызметкерлері біздің жерлестеріміз: Т. В. Стрельчук, Т. А. Кучеренко, П. В. Попов, Н. А. Бочарникова, Ю. Б. Селиванованың шығармашылығымен танысты. Қаланың 65 жылдығына арналып, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жарық көрген "Saran - Саран" фотоальбомы және "Табыстың 100 тарихы" жинағы ерекше қызығушылық тудырды.

   

 


  Саран қаласының 65 жылдығына арналған "Здесь Родины моей начало" жобасы аясында № 2 ООК қызметкерлерімен өткізілген ақпараттық-өлкетану кездесуі барысында "Ақтас кенті әкімінің аппараты" ММ ұжымы өлкетану басылымдарымен танысты. Кездесу барысында "Сүйікті қалам "атты кітап көрмесіне шолу жасалып,"Кітап беттеріндегі қалам"атты слайд таныстырылымы көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар біздің жерлестеріміздің ақындық шығармашылығымен танысты. Олар: Кучеренко Т. А., Попов П. В., Стрельчук Т. В., Бочарникова Н. А. Саран қаласының 65 жылдығына орай жарық көрген «Saran - Саран» фотоальбомы және «Табыстың 100 тарихы» жинағы ерекше қызығушылық тудырды. Іс-шара соңында қатысушыларға ұсынылған өлкетану басылымдарынан туған кенті және жерлестері туралы ақпарат табу ұсынылды.

   

   


 Шахтерлер күні қарсаңында Түсіп Күзембаев атындағы шахтада №2 отбасылық оқу кітапханасы ұйымдастырған Ақпараттық-өлкетану кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар Саран туралы алғашқы кітап қаланың 50 жылдығына арналып жазылған "Тағдырлас қалам Саран" жинағы болғанын білді. Кеншілер Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның тарихы туралы, оның рекордтары мен өздерінің ерен еңбектерімен мамандықтарының атын шығарған Құрметті шахтерлер туралы баяндайтын кітаптан үзінділерді қызығушылықпен тыңдады. "Құрметті шахтер" атағын иеленген және "Стихи моей души"кітабының авторы болып табылатын П. В. Поповтың жазған шахтерлардың қиын еңбегі туралы өлең жолдары қатысушылардың назарын аударды. "Кітап беттеріндегі менің қалам" слайдты презентациямен сүйемелденген "Сүйікті қалам "атты кітап көрмесіне шолу жасалды. "Табыстың 100 тарихы" атты жаңа жинақ ерекше қызығушылық тудырды, іс-шара қонақтары кітаптан ерен еңбектерімен өз өлкесін паш еткен таныстарын қызығушылықпен тапты.

   

 

 

 


Келулердің саны: 2891