«Жусан исі аңқыған туған жерім» сазды-поэзиялық кеші

Әдеби және музыкалық мәдени мұраларды жаңғырту мақсатында №2 ООК қызметкерлері "Ақ шаңырақ" ЭМБ-мен бірлесе отырып, «Жусан исі аңқыған туған жерім» атты сазды-поэзиялық кешін өткізді. Іс-шараға қатысушылар С. Шаймурат жетекшілік ететін, домбыраның құлағында ойнайтын "Үкілі домбыра" атты домбыра ұжымының орындауындағы музыкалық композицияларды тыңдады, туған өлкесін, даланы жырлаған ақындар: Абай, Махамбет, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және т. б. шығармашылығымен танысты. Іс-шара соңында қонақтарға қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен ұлттық музыкалық аспаптары туралы кітаптар ұсынылды.

     


Келулердің саны: 1588