«Салтан ханның патшалығында»

№13 ЖББМ мектепалды лагерінің оқушылары «Салтан ханның патшалығында» әдеби попурриына қатысты. Балалар әдеби попурридің әртүрлі кезеңдеріне белсене қатысып, А.Пушкин ертегілеріндегі сүйікті кейіпкерлерін: Руслан және Людмила, Салтан патша, Балда және т.б. естеріне түсірді. «Біз А.С.Пушкиннің ертегілерін сүйіп оқимыз» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Жұмбақтардың шешуін тауып, А.С.Пушкиннің өлеңдерін оқыды.

Балалар «Ертегілер елінде» кітап көрмесінде ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты, А.С.Пушкин ертегілеріндегі сүйікті кейіпкерлерінің суретін салды. Іс-шараның соңында қатысушылар мультфильмдер мен «Балықшы мен балық» ертегісін тамашалады.

     


Келулердің саны: 1950