"БиблиоБілгіш"

 

«БиблиоБілгіш» клубы аясында

В.В. Бианкидің ертегілер топтамасының

жарық көргеніне 95 жыл толуына арналған

«Табиғат туралы ертегілер» атты оқу шеберханасы

           В. В. Бианки кітаптарының ең ғажайып қасиеттерінің бірі-олар ой-өрісті кеңейтіп қана қоймай, жануарлар әлемін сүюге және түсінуге үйретеді.

         "БиблиоБілгіш" клубы аясында "Колокольчик" және "Малыш" балабақшасының мектепке дейінгі балаларына "Табиғат туралы ертегілер" атты оқу шеберханасы өткізілді.

         Іс-шара барысында балалар Виталий Бианкидің өмір жолындағы көптеген қызықты фактілері мен оқиғаларымен, жануарлар туралы шығармалардың танымал авторының балалық шағымен танысты. Балалар жазушының "Түлкі мен тышқан", "Аюлардың шомылуы" сияқты ең танымал ертегілермен танысты; жазушының әңгімесі бойынша түсірілген "Құмырсқаның оқиғалары" атты мультфильмін тамашалады. «Орман ертегішісі - Бианки» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Іс-шарада балалар жазушының өмірі туралы ғана емес, оның кітаптарының кейіпкерлері: жануарлар, құстар, жәндіктер туралы да қызығушылықпен білді.

         Мектеп жасына дейінгі балаларға «Ұшты - ұшты» ойыны ұсынылды, ойын барысында балалар құстардың атын табу арқылы ұшатын, ұшпайтын қанаттыларды тапты. В. Бианкидің ертегілер мерекесі көңілді эмоцияларға толы болып, іс-шара соңында балалар сыйлыққа ертегі кейіпкерлерінің маскаларын алды.

 

 


Келулердің саны: 1396