Оқы, ойна – туған өлкеңдң таны...

Кітап апталығы кітапханаларда әрқашан көңілді және қызықты өтеді, биылғы жылы да ерекше көңіл-күймен өтті. "Колобок" балабақшасының балалары және №6 ЖББМ бірінші сынып оқушылары "Оқы, ойна – туған өлкеңдң таны..." атты кітап мерекесіне қатысты. Олар қалалық кітапханаға бірінші рет келген еді.

Балаларға арналған кітап мерекесіне тышқан қонаққа келді, ол Саран қаласы туралы – оның мерейтойы, тарихы, облысымызда мекендейтін жануарлар туралы әңгімеледі. Балалар тышқанның «Қаладағы сүйікті жерін», «Ықшам аудан неге «Батпақ» деп аталады?», «Шахталарда не өндіреді?» деген сұрақтарына жауап берді. Қонақты қуанту үшін балалар тышқан кейіпкері бар ертегілерді атады, «Телеграмма», «Затты тап», «Ертегіні ата» байқауларына белсене қатысты.

Балалардың әрқайсысы кітап мерекесінен сыйлыққа бетбелгі мен доп алды.

  

       
       
           
           

                     


Келулердің саны: 1705