Әдебиеттің хас шеберлері

  Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері «Бір ел – бір кітап - 2019» Республикалық акциясы аясында СТК «Әдебиеттің хас шеберлері» ауызша журналын өткізді. Аталмыш іс-шарада колледж студенттері Ә.Кекілбаев және Ә.Тәжібаевтің өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты. Іс-шара барысында ОҚК абонемент бөлімінің аға кітапханашысы Г.Ханафина «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр» атты кітап көрмесін ұсынды. Сонымен қатар авторлардың өмірі мен қызметтері туралы бейнеролик көрсетілді. Студенттер «Сен білесің бе?» ойынына белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында №4 ЖББМ оқушысы Жексембаев Мұхаммед «Адай» күйін орындады.

       
 

       

 

 


Келулердің саны: 1796