«Негеш»

Наурыз. Көктем! Бұл дегеніміз – табиғат анамен бірге алуан түрлі жәндіктер әлемі оянып, тіршілік жанданады деген сөз. Әлемде жәндіктер өте көп. Солардың бірі – аралар. «Негеш» клубының кезекті отырысында балалар аралар туралы көптеген қызықты мәліметтер алып, ең бастысы, «Араларға піскек не үшін қажет?» деген сұрақтың жауабын білді. Аралардың құпия әлемі жайлы білген соң, өзіміз де араларға айналып, солардың тілінде сөйлесуді ұйғардық. Ол үшін біз өз қолымыздан аралардың маскасын жасап, аралар биін үйреніп, биледік. Өте қызықты, көңілді, жжжақсы отырыс болды!


Келулердің саны: 2282