«Жақсы болсаң, жақын көп»

  №2 ООК-ның балалар бөлімінде №13 ЖББМ-нің 4-сынып оқушыларына «Жақсы болсаң, жақын көп» тақырыбында адамгершілік сабағы өткізілді. Оқушылар жылы сезім мен жақсы істер бағыты бойынша саяхат жасап, «Халық даналығы», «Мейірімділік гүлі», «Сиқырлы сөздер» сайыстарына қатысып, ойындар ойнады. А.Яшин, М.Садовскийдің мейірімділік пен жақсы істер туралы өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар «Балаларға арналған мейірімділік туралы ән», «Мейірімділік дегеніміз не?», «Достық деген жұмыс емес» («Барбарики» балалардың муз. тобы) сазды роликтері тыңдалды. «Мейірімділік пен зұлымдық» - Смешарики 2D өнегелі мультфильмін тамашалаған соң, балалар мейірімділік, тәрбиелілік, әдептілік, адалдық, шынайылық сияқты адами қасиеттерге сипаттама берді.

 

 

 


Келулердің саны: 2288