«Білімқұмар жандардың ең жақын серігі»

Қазақ халқының ұлттық мерекесі – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Саран қаласының орталық қалалық кітапханасының қызметкерлері №4, №6, №17 ЖББМ оқушыларына «Білімқұмар жандардың ең жақын серігі» атты библиокеруенін өткізді.
Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, Наурыз мерекесі туралы баяндайтын кітаптарды жиып алып, өскелең ұрпақтың тағылымды тарих, саф алтындай таза салт-дәстүрлер, Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы мәліметтерін толықтыру мақсатында кітапхана қызметкерлері қала мектептеріне жол тартты. Іс-шара барысында кітапханашылар қазақ халқының табиғаты, салт-дәстүрлері мен Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталып, басқа елдерде бұл мереке қалай тойланатыны, ерекшелігі туралы мәліметтер берді. Оқушылар әртүрлі ойындарға белсене қатысып, сұрақтарға қатесіз жауап беріп, «Наурыз мейрамы» бейнеролигін тамашалады. Кітаптармен таныстыру кезінде балалар «Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін», «Сен білесің бе?» серияларына, А.Сейдімбектің «Мир казахов» және т.б. басылымдарға аса қызығушылық танытты. Библиокеруеннің арқасында кітапхана оқырмандарының саны артты.

 


Келулердің саны: 1324