«Ұлы дала: өткені мен бүгіні»

«Бір ел – бір кітап» - 2019 Республикалық акциясына және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасына арналып, ҚР Алғыс айту күніне орай №2 ООК-да өткізілген «Ұлы дала: өткені мен бүгіні» оқырман конференциясына кітапхана оқырмандары мен қонақтары қатысты. Қатысушылар Алғыс айту күнін мерекелеуге арқау болған тарихи оқиғаларды еске алып, «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында жалпыұлттық оқуға ұсынылған Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Ә.Тәжібаевтың лирикасын тілге тиек етті. Конференция катысушылары басқа да қазақстандық авторлардың, мысалы, С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», М.Симашко «Четвертый Рим», Г.Белгердің «Таңдамалы шығармалары», С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» және т.б. кітаптар туралы ойларымен бөлісті. Кездесу соңында қатысушылар бірауыздан патриотизмді, кіші отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде әдебиеттің рөлі ерекше маңызды деген пікірді ұстанатындарын білдірді.

                                                                                                                                                                                                                    


Келулердің саны: 2147