Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты өзінің бағдарламалық мақаласында өлкетануды дамытуға баса назар аударды. Мемлекет басшысымен: «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады деп атап айтылған. «Патриотизм - өз ауылына, қаласына, аймағына, кіші отанына деген сүйіспеншіліктен және туған жерге деген қарым-қатынастан, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген құрметтен басталады.

   

  Бұл – патриотизмнің аса маңызды белгісі». Биыл біздің қаламызға 65 жыл толып отыр. Осыған орай 27 ақпанда №6 ЖББМ оқушыларына арналған «Менің отбасымның тарихы, қала тарихында» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кітапханашылар қала тарихына шағын экскурсия жасады. Біздің қаламыздың өз рәміздері: Елтаңба және Әнұран бар екеніне ерекше назар аударды. Елтаңба жасаушысы Валерия Алексеевич Сон туралы ақпарат беріп, қала Гимнінің авторы Татьяна Владимировна Стрельчукпен таныстырды. Дөңгелек үстел қатысушылары ардагерлер Кеңесінің өкілдері Т.А.Кучеренко, Н.С.Скачкова өздерінің отбасы туралы, еңбек жолдары туралы айтып берді; Саран қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Ә.Р.Рахимжанов, Саран қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы А.О.Чагин өз отбасыларының тарихы туралы, өздерінің табысты жолдары туралы ақпарат берді.

Дөңгелек үстел барысында «Мен туған қаламды сүйемін» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, көрмеде Саран қаласы туралы кітаптар, жерлестеріміздің өлеңдер жинағы ұсынылды.

Соңында №6 ЖББМ оқушысы Маргарита Саликова Қазақстан туралы ән айтты.

 

   
       

Келулердің саны: 2200