«Тоғысқан тағдырлар»

 

Орталық қалалық кітапхананың Коворкинг орталығында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Тоғысқан тағдырлар» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары қаламыздағы ауған соғысының ардагерлері: Валерий Александрович Двирный, Василий Михайлович Казимир, Иван Владимирович Пилецкий болды. Ардагерлер өздерінің бастарынан өткен қиын-қыстау күндерін, өліммен бетпе-бет келген кездерін естеріне алып, ерлік пен достық, адалдық пен сатқындық туралы сөз өрбітті. Өскелен ұрпақ олардың әңгімелерін мұқият тыңдап, жүректерін тебіренткен сұрақтарын қойып, нақты әрі қызықты жауап алғандарына қуанышты болды.

Іс-шара соңында СГТК студенті Жунусова Айдананың орындауында «Қазағым-ай» әні шырқалып, «Жас толқын» клубының мүшелері ауған соғысы, отан туралы «Қазақстан», «Афганистан или чужая война», «Афганистан, как камень в сердце», «Отан туралы» т.б. өлеңдер оқыды.

Кітапхана қызметкерлері ардагерлерге алғыстарын білдіріп, естелікке шағын сыйлықтарын тарту етті.

https://ru.calameo.com/read/0015495344b4ae22dbdd8


Келулердің саны: 2003