Ертегілер кейіпкерлерімен кездесу

2019 жылдың ақпан айының жетінші жұлдызында «Сәуле» балабақшасымен «Ертегілер кейіпкерлерімен кездесу» атты іс-шара өтілді. Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; Ертегілер арқылы бүлдіршіндерді адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу.

Кітапханашы алдымен қазақ халық ертегілеріне, сосын орыс халық ертегілеріне тоқталып, олардың қысқаша мазмұнын аша отырып, басты кейіпкерлердің жақсы және жаман істеріне балалардың назарын аударды.  «Шалқан» ертегісін сахналық қол театры ретінде бұлдіршіндер өздері көрсетті. Ертегі кейіпкерлерімен кездесіп,алдарынан шыққан сынақтардан өтіп, ойын-викторинаға қатысып, қаншалықты ертегілер білетіндерін айтып, уақыттарын көңілді өткізді. Олар бір сұрақты да жауапсыз қалдырған жоқ. Іс-шара соңында кітап көрмесімен танысты. Бүктемелі кітапшалар, дыбысты сөйлейтін кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме-ашылмалы панорама кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және тағы басқаларымен таныстырылып, балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді. 


Келулердің саны: 2082