Кітапханалық лабиринт

Орталық қалалық кітапхананың коворкинг орталығында №4 ЖББМ оқушыларына «Кітапханалық лабиринт» хоррор квест ойыны өткізілді. Хоррор квест барысында кітапханалық қызметкерлер хоррор жанрының кейіпкерлеріне, ал күнделікті кітапханалық бөлімдер бұл күні құпия-сырға толы өрмекшілер тор құрған үңгірге, вампирлер ұясына, түнек құдығына айналды. Іс-шара арқылы балалар тек кітапхана бөлімдерімен, қызметімен, қолдану ережелерімен танысып қана қоймай, «Дұрыс, қате», «Кітапты тап!», «Шығарманың кейіпкері кім?», «Негізгі сөзді тап» ойындарын ойнап, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар фантастикалық, мистикалық әдебиеттер ұсынылған «Ғаламшарлық көршілер» кітап көрмесімен танысты.         Іс-шара соңында эксперимент жасап, жанартаудың атқылауын көрді, батылдықтары мен тапқырлықтары үшін балаларға тәтті сыйлықтар берілді.

   
       
       


Келулердің саны: 2084