«Заңды және» дерек көрмесі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет)

  Ересектер абонементі оқырмандары үшін «Заңды және таза» дерек көрмесі ұйымдастырылды, онда қазіргі заманауи қоғамның құбылысы сыбайлас жемқорлықты зерттеуге арналған кітаптар, бүктемелер мен ескертпелер ұсынылды. Сыбайлас жемқорлық -  көпғасырлық тарихқа ие, қазіргі кезде кеңінен орын алып келе жатқан жағымсыз әрекеттердің жиынтығы. Көрмеде ұсынылған мәліметтерде сыбайлас жемқорлықпен күрестін теориясы мен тәжірбиесі, қылмыстың алдын алу мәселелері қарастырылған. Оқырмандар, аталған жағымсыз әлеуметтік құбылыспен күресте жетістіктерге жету жолындағы мүмкіндіктерді ашып көрсететін сыбайлас жемқорлықпен күрес сұрақтары бойынша заңнамалық актілердің талдаулары, шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларының ерекшеліктерімен танысты.

       

 


Келулердің саны: 1788