«Құпиялы тор: ғаламтор ресурстары»

Ғаламтор желісі қазіргі заман адамдарының таптырмайтын көмекшесі. Бүкіләлемдік желі заманауи білім алуға, бос уақытты өткізуге арналған таптырмас дереккөз болып табылады. 2018 жылғы 17 қарашада №4 КБ жас оқырмандары ғаламтор желісін өзіңе және өзіңнің отбасыңа, өзіңнің компьютеріңе зиян келтірмей қалай қолдану керектігі туралы ақпарат алды. Олар үшін «Құпиялы тор: ғаламтор ресурстары» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында «Ғаламтор ресурстары» және «Ғаламтордағы қауіпсіздік ережелері» атты презентациялар көрсетіліп, «Желілік ғаламтор ережесі» атты бейнеролик көрсетілді. Балалар түрлі зиянды ақпараттар туралы біліп, ғаламтор желісінде алаяқтардан аулақ болуды үйренді. Авторлық құқық туралы сөйлесті. Ғаламторда жазылғандардың барлығы шындық емес екендігіне ерекше назар аударды. Және компьютер шын дос және көмекші бола алмайды және шынайы әлемнің, достардың, ата-анаңның, мұғалімдердің орнын бас алмайды.

           
             
             


Келулердің саны: 2900