БиблиоАртКафе

   №2 ООК оқу залындағы БиблиоАртКафе тағы да жаңарып, «Арман» аула клубының балаларын қуана қарсы алды. Бұл жолғы кездесу күз мезгіліне, оның белгілері мен адамға тарту ететін сыйларына арналды. Танысу ерекше түрде өтті: әр қонақ өз аты мен «күз» сөзін латын әріптерімен жазды. Күз мезгілін өз шығармаларына арқау еткен ұлы қаламгерлердің туындылары жайлы «Тауп ал да, оқы» (авторды таңдап, қордан кітабын тауып, арасынан бір шығармасын оқу) ойынында білді.  Осылай, Абайдың, А.Пушкиннің, А.Феттің өлеңдері оқылды. Оқуға ұсынылған «Ағаштарды бояған кім» әңгімесінен балалар «хлорофилл», «ксантофилл» және «каротин» сияқты ғылыми түсініктермен танысты.   Бір паннода балалар өлең жолдарын, жұмбақтар, күздің белгілерін жазып, қағаздан қиылған күзгі жеміс-жидектері бар «Күзгі квилтті» аса қызығушылықпен орындады. «Дәмін тауып көр!» ойынында балалар көздері жұмылған күйде күз сыйға тартқан жеміс-жидектердің дәмін татып, қуанышқа бөленді. Дәстүр бойынша іс-шара соңында балаларға тәттілермен шай ұсынылды

       

 


Келулердің саны: 1743