«Балдырғандарға арналған кітаптар» акциясы

ОЖ кітапханашылары «Балдырғандарға арналған кітаптар» атты дәстүрлі акциясын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарын заманауи балалар әдебиетін оқуға тарту, отбасы мүшелерімен бірге кітап оқуды дәріптеу болды.

       Іс-шара барысында «Малыш» сәбилер балабақшасының балақайлары Г. Сутеевтің ертегілер еліне аттанды. Сиқырлы қолшатырдың көмегімен балақайлар бұлтарды тарқатып, қолдарымен «кітап жаңбырының тамшыларын» ұстады. Кітап бағында балақайлар кітаптан жасалған ертегі гүлшоғын жинап, ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнады, тәшкені дөңгелеткен қырсық мысық, кірпіні, ырылдаған сабалақ төбетті, бір қап алмасы бар қоянды және тағы басқа кейіпкерлерді сомдады. Соңында, кірпі, әтеш және бақаға еліктей отырып, өздерінің мерекелі кітап үстелін дайындады, онда бірлесе отырып автордың қызықты суреттерін тамашалады.

          «Балғын» балабақшасында балақайлар Н.Носовтың «Қияр» әңгімесінің кейіпкерлері Котька және Павликпен танысты. Автор балаларды жалықтырмай қайырымдылыққа, әділдікке, адалдыққа үйретеді, балалардың әртүрлі амал-әрекеттерін үлгі ете отырып, түрлі жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсетеді.

          «Аленушка» сәбилер балабақшасының балақайлары үшін №2 ООК кітапханашылары көңілді музыкамен, түрлі-түсті әуе шарларымен қызықты мереке ұйымдастырды. Балақайларға Сергей Михалковтың «Сүйікті балалар жазушылары» жинағынан ертегілер мен өлеңдер оқылды, содан соң балаларға «Біз қай ертегіденбіз?» қызықты ойыны өткізілді, онда балақайлар өздерінің ең сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерін: бауырсақ, қу түлкі, қоян, сұр қасқырды естеріне түсірді. Сондай-ақ балақайлар үшін «Балдырғандарға арналған кітаптар» атты кітап көрмесі дайындалды, көрмеде заманауи балалар жазушыларының 30 данадан астам кітаптары ұсынылды.

          Жалпы, акция өте қызықты, көңілді өтті!

          

Келулердің саны: 2169