«Ел жүрегі - Астана»

     

Қарағанды облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №28 ӨСБ өрт сөндірушілеріне «Ел жүрегі - Астана» атты Астана туралы әдебиеттерге дәріс-шолуы өткізілді. Дәріс барысында кітапханашылар Қазақстан астанасының қалыптасуы туралы әңгімеледі. Ұсынылған кітаптар Астананың маңызды қалыптасу кезеңдерімен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы көшіру және атауын ауыстыру туралы тарихи шешімімен таныстырды. Кітаптардан басқа журналдар, фотосуреттер, мұрағат құжаттарының көшірмелері, Астана туралы заманауи жазушылардың кітаптары, шетел ғалымдары мен сарапшыларының жас астананың заманауи кескін-келбеті туралы очерктер мен мақалалар ұсынылды. Жаңа астананың жылнамасы ары қарай жалғасуда. Ал кітаптардың көмегімен,біз Астананың кішкентай қаладан әлемнің ең әдемі және заманауи қаласына айналғандығы туралы, астананың қалыптасуының негізгі кезеңдері жайлы жадымызда сақтауға мүмкіндігіміз бар.

                                                                                


Келулердің саны: 2190