«Ертегілер мұражайы»

     

   Ертеден бері халық ертегі тыңдап, оқып келеді. Ертегілерде көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын қиял - ғажайып оқиғалар баяндалады.

13 маусым күні «Настоящие друзья» аула клубында «Ертегілер мұражайы» атты әдеби викторина өткізілді. Балалар кітапханашымен бірге ертегілер әлеміне қызықты саяхат жасады. Қойылған сұрақтарға лезде жауап беріп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Іс-шара соңында кітапханашы балаларды таңғажайып 3Д кітаптарымен таныстырып, викторина жеңімпаздарын марапаттады.

 
   

 


Келулердің саны: 2039