«Өлкетану қызметі кітапхана жұмысының негізгі бағыты ретінде»

            ОЖ кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Өлкетану қызметі кітапхана жұмысының негізгі бағыты ретінде» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырды. Конференцияға ОҚК, №2 ООК, №3 КФ, №4 КФ кітапханашылары қатысты.

            Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақсат-ойларын, әсіресе «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға жұмылған кітапхана қызметкерлері үшін бүгінгі таңда жұмыстың бұл бағытының өзектілігі артуда.

            Конференция бағдарламасы

  • «Кітапхана өлкетану саласындағы ақпараттық орталық ретінде»

Саран қаласының 2018 жылға арналған жобалар мен іс-шаралар тізілімі.

  • «Өлкетану ресурстарын қалыптастырудың жаңа тәсілдері».
  • «Бұл – менің Отаным – Здесь родина моя, здесь я живу» өлкетану бойынша кітапханалық бағдарламаның жаңа жоспарлары мен болашағы.
  • Құрылымдық бөлімдердің өлкетану үйірмелерінің жұмысы бойынша есебі.

Онлайн-конференция мәнді, маңызды өтті, кітапхана қызметкерлері келешекте жұмыстарында қолдана алатын жаңаша көзқарас, тың ойларды молайтты.      


Келулердің саны: 3254