31 мамыр 2018 ж.

31 мамыр – миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік аштық, Қазақстан тарихының қайғылы беттерінің бірі. Бұл атаулы күнге орай елімізде көптеген іс-шаралар өткізіледі, музейлерде көрмелер ұйымдастырылып, мемориалдарға гүл шоқтары қойылып, тың мәліметтер жарияланады. Біз бұл іс-шараларды қүғын-сүргін құрбандары мен аштыққа душар болған жандарды еске алып құрметтеу үшін ғана өткізбейміз, әр жүрекке қорқыныш ұялатқан қасірет күндері ешқашан қайталанбасын деп тілейміз. №4 кітапхана-филиалдың қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының қатарында болған Саран қаласының тұрғыны Аншкенис Эдвин Вилисовичке барып қайтты. Ол кісі күні кешеге дейін кітапханамыздың оқырманы болып еді. Өкінішке орай, Эдвин Вилисович өткен жылы жұбайынан айырылып, бүгінде өзін нашар сезініп жүр, десек те, бізді көріп бір жасарып қалды.

         Бүгінгі таңда Эдвин Вилисович өзінің баласы және келінімен бірге біздің ауданда тұрып жатыр. Атаның аялы алақанын аңсаған шөберелері ол кісіге жиі келіп тұрады.

 

     

 


Келулердің саны: 1868